1–сыныпқа құжат қабылдау мерзімі
- Басталуы: 2026 жылғы 27 мамыр
- Аяқталуы: 2026 жылғы 31 тамыз
Барлық мектептерге қабылдау тестілеусіз жүргізіледі
Қабылданатын балалар
- 6 жастан бастап, сондай-ақ 2026 жылы 6 жасқа толатын балалар
Өтінішті тапсыру жолдары
- Онлайн:kz порталы https://egov.kz/cms/kk арқылы - тәулік бойы
- Ұлттық білім беру платформасы арқылы онлайн: https://oqu.edu.kz/
- Қағаз түрінде: мектеп қабылдау комиссиясына беруге болады
Ата-аналарға көмек көрсету үшін мектепте қабылдау комиссиясы ұйымдастырылады
БЕЙНЕ НҰСҚАУЛЫҚ: https://www.youtube.com/watch?v=Kk0e9-sGi1g
Қажетті құжаттар:
- Ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші
- Бала туу туралы куәлік
- Медициналық анықтамалар:
- № 065/у «Егулер паспорттары»
- № 052-2/у «Баланың денсаулығы паспорты»
- ПМПК анықтамасы (ЕББҚ балалар үшін)
- Баланың 3×4 см көлеміндегі фотосуреті
Қағаз түрінде тапсыру кезінде ата-ананың немесе заңды өкілдің жеке куәлігі де қажет. Мектептер міндетті тізімге кірмейтін құжаттарды талап етуге құқығы жоқ.
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
- Дүйсенбі - Жұма: 09:00 - 18:30
- Түскі үзіліс: 13:00 - 14:30
- Демалыс және мереке күндері: қабылдау жоқ
«Нұра» ауданының мектептеріне бекітілген аумақ туралы ақпарат және мектептердің мекенжайлары Астана қаласы Білім басқармасының ресми сайтында жарияланған Территория обслуживания школ района «Нура»
Мектептің қызмет аумағы:
- К. Мұхамедханова к-сі: 4 блок А, 4 блок В, 4Б блокА, 4Б блок Н, 4а, 4/1, 4/2, 4/3, 4В, 6, 6а, 6Б, 6/1, 8
- Төлеби к-сі: 54, 61, 63, 65
- Анет Баба к-сі: 6, 8, 9, 9/1а, 9/1Б, 9/1в, 9/2, 9/3, 10, 11, 11/1, 11/2, 11/3, 12, 13, 13/1, 13/2
- Әйтеке би к-сі: 14
- Е-900 к-сі: 2, 4, 5, 5/1, 5/2, 5/3, 6, 8, 10
- Е-899 к-сі: 3, 5а, 5/1, 5/1а, 5/3, 10
Мектепке нақты қай аумақ бекітілгенін білу үшін мектептің сайты немесе Білім басқармасының сайтына қараған дұрыс.