Жүгіру жолы
Кіру
AA+
"№ 117 жалпы орта білім беретін мектеп"
Астана қаласы әкімдігінің КММ
Жүгіру жолы
"№ 117 жалпы орта білім беретін мектеп"
Астана қаласы әкімдігінің КММ

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2026 жылғы 6 наурыздағы №124 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 10 наурыздағы №84-НҚ бірлескен бұйрығына сәйкес бекітілген «Қазақстан Республикасында мектеп жасындағы балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі 2026–2028 жылдарға арналған «Саламатты мектеп» іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану мәдениетін дамыту, дене белсенділігін арттыру, психологиялық саулықты қолдау және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттері:

* оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру;
* дұрыс тамақтану және жеке бас гигиенасы туралы білімдерін арттыру;
* тұрақты дене белсенділігі мен спортқа қызығушылықты дамыту;
* психологиялық әл-ауқатты қолдау және қолайлы мектеп ортасын қалыптастыру;
* зиянды әдеттердің алдын алу және денсаулық мәдениетін насихаттау;
* ата-аналар мен педагогтердің денсаулықты сақтау бағытындағы ынтымақтастығын нығайту.